Биыл «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінді. KazAgroFinance bot-қа өтінім бергеннен кейін клиент 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды жинайды. Клиенттердің бұрын берілген өтінімдері бойынша құжаттарды ұсынбауына болады. Сондай-ақ өтінім беру кезінде қате деректерді енгізуіне байланысты бөлінген лимит шеңберінде 7 млрд теңге көлеміндегі қаражат игерілмей қалған.
Осыған байланысты, алдағы 24 шілдеден бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің, құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бірнеше шартпен қайта бастайды.
Лизингке берілетін жабдықтар – отандық өндірісте, құрастырылған аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылық техникалары.
Несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін. Аванстық төлем – лизингке алынған актив құнының 15 пайызынан басталады. Кепілдік керек емес. Сондай-ақ, қаржыландыру лимиті 120 млн теңгеден және лизинг затының 2 бірлігінен аспайды.