Төтенше жағдай • 24 Шілде, 2023

Астанада өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жекеменшік жатақханадан шыққан өрт сөндіріліп, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Астанада өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

23 шілде күні сағат 21.57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарлама алып, оқиға орнына жетті. Өрт 2-қабаттағы бөлмеде 20 шаршы метр аумақта шыққан. Тілсіз жау тез таралып, өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеген.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен иінді үш көтергіш арқылы 2 адам құтқарылды, 60 тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.

ТЖД күштерімен тілсіз жау сағат 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілген.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген.