Табиғат • 24 Шілде, 2023

Шымбұлақ шипажайы уақытша жабылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымбұлақ шипажайының қызметкерлері бүгін санитарлық күнге жабылатынын хабарлады. Бұл жаяу жүргіншілер көпірін қиратып, су алатын құбырдың істен шығуына әкелген селдің салдарымен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымбұлақ шипажайы уақытша жабылды

Шипажайдың баспасөз қызметі су қабылдайтын бекет лай мен тастан тазартылып жатқанын хабарлады.

«21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болды - сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады. Осының барлығы су қабылдағыштың істен шығуына әкелді. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», делінген хабарламада.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, температураның көтерілуі мен мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан су ішуге жарамсыз болып отыр.