Төтенше жағдай • 27 Шілде, 2023

11 күн бойы жанған орман өрті толық сөндірілді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Бесқарағай ауданында 15 шілдеде тұтанған орман өрті қолайсыздықтарға байланысты 11 күнге созылып, 26 шілдеде толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 күн бойы жанған орман өрті толық сөндірілді

Фото:inform.kz

15 шілдеде өртке қарсы қызметке Бегенев орманшылығында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны және орман қорына қауіп бар екені туралы хабарлама түскен болатын. «Семей Орманы» МОТР және Абай облысы ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барған.

«26 шілде күні сағат 18:00-де Бесқарағай ауданындағы орман өрті 385 гектар алқапта толығымен сөндірілді», деп хабарлады Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, жоғары ауа температурасы, қатты жел, тығыз өсетін дақылдардың болуы, тұзды және батпақты жерлердің болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Аталған қолайсыздықтарға қарамастан үйлесімді іс-қимыл арқасында өрт толығымен сөндірілді.