Оқиға • 27 Шілде, 2023

Ақтөбедегі цехта тұтанған өрт сөндірілді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының 41-разъезд аймағында ыдыс-аяқ жууға арналған губка шығаратын цехта ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбедегі цехта тұтанған өрт сөндірілді

Видеодан алынған кадр: instagram.com/aqtobe_tjd

Оқиға кеше сағат 21:11-де тіркелген. Аталған цехта тұтанған өртке 101 адам мен 19 техника жұмылдырылған.

«Адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт алаңы - 900 шашры метр, екі сағатта сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Цех ішіндегі заттар сыртқа шығарылды. Оқиғаның себебі анықталуда», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.