Қоғам • 28 Шілде, 2023

Мемлекеттік сатып алу: Заң бұзу азаймай тұр

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облыстық прокуратурасы жыл басынан бергі атқарған жұмыс қорытындысында түрлі сала бойынша орын алған заң бұзушылықтар туралы мәлімет берді.

Мемлекеттік сатып алу: Заң бұзу азаймай тұр

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­­­­­­­тың назарындағы кәсіп­­­­­­кер­­лікпен айналысатын­ азамат­­­тарды қолдау және бизнес­терін қорғау жайын айтар болсақ, бұл салаға қатысты заң бұзу­шы­лық­тардың орын алғандығын бай­қау қиын емес. Әсіресе тиіс­ті салаға бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуы облыс­тық­ прокуратураның қашанда наза­рында. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мұқият тексеру­ нәти­жесінде жалпы құны 12,7 млрд теңгеге бағаланған

55 кон­­­курс тоқтатылған. Соны­мен­ қатар 4,9 млрд теңгеге жоба­­ланған 259 мемлекеттік сатып алу шарттарын заңға қай­­шы келетіндіктен, бұзуға тура келіп отыр. Сол мақсатта жұ­мыс­­тар жүргізілуде. Мұндай қи­­тұр­­қылық әрекет негізінен мем­лекеттік сатып алудың тәсі­лін­ теріс пайдаланып, тіпті оларды жобалық-сметалық құжат­­та­рын­сыз жариялаумен, бәсеке­лес­тікті болдырмайтын жоғары талап­тар қою сияқты себеп­тер­мен тамырласып жатыр. Мы­са­лы,­ Жарма ауданындағы жол­дар­ды жөндеуге арналған кон­курс­тың тоқтатылуы – соның бір дәлелі. Анығын айт­қан­да, «Қаз­Авт­о­Жол» компания­сы­ жөн­­деу­ жұмыстарын жос­пар­ла­ған­ жол­ учаскесіне 294 млн тең­гені­ заң­сыз­ жұмсамақ болған.

Абай облыстық прокура­ту­ра­­сы­ның мәліметінше, жалпы жиы­ны мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауап­кершілікке – 10 адам, тәр­тіп­­тік жауапкершілікке 27 адам тартылған. Оның ішінде 2 кент әкімі және 2 әкімдік бөлім­де­рі­нің басшылары бар. Қазір бұл факті­лер арнайы проку­рор­дың­ өндірісінде жіті қаралуда.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­­­­­­­­тың отандық бизнесті да­­мы­­ту және кәсіпкерлікпен айна­­лы­сатын азаматтардың құқын қорғау жайын үнемі тілге тиек ететіні белгілі. Кәсіп­кер­лер­ді заңсыз тексеруге жол беруге болмайтындығы да мәлім. Облыс­тық прокуратураның арала­суымен бақылаушы орган­дар­дың 7 заңсыз тексерулерінің күші жойылып, 70 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тар­тылған.

«Нәтижесінде 3 мыңнан ас­там­ кәсіпкердің құқығы қор­ғалды. Әкімшілік жауапкер­ші­лікке Боро­дулиха ауданы­ Мемлекеттік кірістер басқар­ма­сының басшысы тартылды. Ол кассалық чектерді бермегені үшін алты кәсіпкерді әкімшілік жауап­­кершілікке тартты. Жеке кәсіп­керлерге қатысты 283 заңсыз салық бұйрығының күші жойыл­ды. Біздің актілеріміз бойын­ша 230 кәсіпкерге 190 млн теңге төленді. Одан бөлек, кәсіп­керлерге қатысты үш қыл­мыс­тық іс тоқтатылды», дейді Абай облысының прокуроры Е.Абаев.