Оқиға • 29 Шілде, 2023

Қостанайда жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай – Сарыкөл тас жолында жол апаты болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды

Фото: Полиция кз. телеграм

ВАЗ-21099-дың 22 жасар жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы болған, арасында жүкті әйел бар.

Соқтығысқан аталмыш екі көліктің жүргізушілері алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттар алған  үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.