Оқиға • 30 Шілде, 2023

Түркиядағы Қазақстан консулы апат болған аймаққа барды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы туристер мінген шағынавтобус апатына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркиядағы Қазақстан консулы апат болған аймаққа барды

Фото: haberglobal.com.tr

«Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты», деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, түрік баспасөзінің ақпаратынша, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобустың Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 жолында жүк көлігіне соқтығысуынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азаматы) көз жұмған. Оқиға орнына полиция мен медицина бригадалары дереу келген. Көлік ішінде болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен ауруханаларға жеткізілген.