Теннис • 31 Шілде, 2023

Гамбургте топ жарды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен жұптық сындағы еліміздің бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Германияның Гам­бург қала­сында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Гамбургте топ жарды

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колод­зиэева және америкалық Анжела Кули­ковамен бас жүлдені сарапқа салды. Екі сетке жалғасқан матчтың бірінші партиясын­да Данилина – Панова жұбы қарсыластары­нан еш қиындықсыз 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар аса қатты қи­на­ла қойған жоқ. Төртінші геймнен ке­йін 3:1 есебімен алға шыққан Данилина мен Панова кейін тағы бір брейк жасады – 5:2. Ал өздері матчқа доп бергенде де мүлт кеткен жоқ – 6:2. Бұл – Анна Дани­линаның карьерасындағы 27-титулы. Соны­мен қатар ол 11 мәрте халықаралық жа­рыстардың финалында ойнаған.

Сондай-ақ кеше елордада өткен Прези­дент кубогі жарысы да өз мәресіне жетті. Бас жүлдені жерлесіміз, әлемнің 412-ракеткасы Денис Евсеев пен рейтингте 550-сатыда тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтанов сарапқа салды. Евсеев былтыр да аталған тур­нирдің финалында ойнаған болатын.