Айтыс • 01 Тамыз, 2023

Олжалы оралды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» республикалық айтысына әулиеталық ақындар да қатысты. «Алматы тв» телеарнасы түсірген айтыс бәсекесінде өңірдің жүйріктері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олжалы оралды.

Олжалы оралды

Еліміздің әр қиырынан жалпы саны 28 үміткер топқа түскен додада Жамбыл облысынан төрт ақын бақ сынады. Төртеудің екеуі үздіктердің қатарынан көрінді.

Шымкенттік Нұрлан Есен­құловпен айтысқан әулиеата­лық Алтынкүл Қасымбекованың өнерін қазылар алқасы да, өнерсүйер қауым да жоғары ба­ғалады. Жеңге мен қайны айты­сының тамаша үлгісін көрсеткен аталған жұптың сөз сайысы расымен де сәтті шықты.

Атыраулық Фариза Жет­піс­баймен сөз сайысқа түскен жам­былдық Мұхтар Қонарбаев та аянып қалған жоқ. Қыз бен жігіт арасында өрбіген айтыс­та жерлесіміз қарсыласының әдемі әзілдеріне ұтымды жауаптар қайтарып, өзінің бабында екенін көрсете білді. Сондай-ақ Тұрар Рысқұлов ауданының тумасы Айтбек Тұрсынбай мен шығыстық Бибігүл Таубалдиева, Жам­былдың үкілі үміті Алина Айдаралы мен алматылық Ақ­ниет Жұбаныш арасындағы айтыстар да қазылардың көңі­лінен шықты.

Республикалық деңгейде ұйым­дастырылған айтыс алама­нында өңір намысын қорға­ған Алтынкүл Қасымбековаға жүл­делі екінші орын бұйырса, Мұтар Қонарбаев үздік үштікті қорытындылады.