Футбол • 01 Тамыз, 2023

Бейресми кездесу

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының Ыстықкөл өңірінде Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының бейресми жұмыс кездесуі өтті.

Бейресми кездесу

Қауымдастықтар арасындағы ын­тымақтастықты нығайту және бір­лескен жобаларды жүзеге асы­рудың негізгі мәселелерін талқылауға бағытталған басқосуға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, Қырғыз футбол одағының президенті Медербек Сыдықов, Түрікменстан футбол фе­де­рациясының президенті Арслан Айназаров және Өзбекстан фут­бол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматовтың қатысуымен өтті.

Кездесуде тараптар әр футбол қа­уым­дастығының дамуының негізгі фак­­торлары саналатын инфрақұ­рылымды жақсарту, кадрлық ресурстарды ұлғайту және жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ әр қауымдастықтың табысты болуы өзара жемісті ынты­мақтастықтың кепілі екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар футболшылар мен төрешілердің оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қажетті ин­фра­құрылымды салу бойынша өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жө­нінде пікір алмасты. Кездесуге қа­тысушылар әртүрлі халықаралық турнирлерді, оның ішінде әр жас санатындағы командалар арасындағы әлем біріншіліктерін, сондай-ақ футболдан әлем чемпионатын бірлесіп ұйымдастырудың шарттары мен ере­желерінің талаптарын талқылады.

Жиынға қатысушылар бір-біріне тұрақты ақпарат пен тәжірибе алмасуды қамтитын жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті еке­нін жеткізді. Кездесу барысында бір­лестіктердің барлық жетекшілері ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу нәтижесі бойынша жұмыс тобы құрылып, сол арқылы футбол­дың даму динамикасын жақсарту бо­йынша жұмыс басталады. Айта кету керек, футбол қауымдастықтары­ның ынтымақтастығы футболды дамыту мәселелерінде мемлекетаралық деңгейде қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етуге тиіс.