Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қайтыс болған баланың ата-анасына көңіл айтты.
«Қарағанды қаласында қайғылы жағдай болды. Салдарынан бір бала қайтыс болды. Қайтыс болған баланың ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Қазір бірнеше балаға дәрігерлер тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Жағдай тергеп-тексерілуде. Осындай жағдайға жол бергендердің барлығы қатаң жазаланатын болады. Ауруханада жатқан балалардың денсаулығын нығайту үшін барлық күш-жігерді салып жатырмыз. Сұрақтар көп. Орталықтағы 147 бала ерекше бақылауға алынды», деді Ермағанбет Қабдулаұлы.
Айта кетсек, жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді. Балалардың жағдайын басқа мекемеден келген мамандар қадағалап жатыр.
«Бұл жағдай жай қалмайды. Кінәлілер қатаң жазаланады. Тергеу амалдары орындалуда. Қазіргі міндетіміз – қалған балалардың өмірін сақтап қалу», деді өңір басшысы.
Қасымхан ҒАЛЫМ,
Қарағанды облысы