Парламентшілер «Ақбауыр мұражай-археологиялық кешенін» аралады және ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар саланың проблемалық мәселелерін, соның ішінде бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнына субсидия беру, ауыл шаруашылығы техникасына несие беруді субсидиялау пайызын қайта қарау мәселелерін талқылады.
Сенаторлар сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Самара ауданының Самар ауылында болып, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, сондай-ақ «Лик» шаруа қожалығының қызметімен танысты.
* * *
Парламент Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданында Ақтоған шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шарада ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту және оның келешегін, сондай-ақ сала бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жайы сөз болды. Сәкен Арубаев Жақсылық ауылындағы «Нұр-Ай» бөбекжай бақшасының қызметімен және Құлан ауылындағы жаңа мектеп құрылысының қазіргі салыну барысымен де танысты.
Депутат Меркі ауданында «Балауса» бөбекжай бақшасында, «Трансфер» шаруа қожалығында болып, Қайыңдысай ауылындағы оқу орны құрылысы туралы мәліметті тыңдады.
Сенатор, сонымен қатар Меркі аудандық мәслихатының депутаттарымен де кездесті. Жүздесу барысында ауданның өзекті мәселелері, атап айтқанда, мал және өсімдік шаруашылығын өркендету жайы талқыланды.
* * *
Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысында аудандық мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен және Көктоғай, Есбол, Жарсуат, Ақ Жайық, Еңбекшіл және Махамбет елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.
Сенатор жүздесулер барысында Палата қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті және өткен сессия барысында қабылданған заңдардағы негізгі жаңалықтарға жан-жақты тоқталды. Кездесуге қатысушылар мәслихат депутаттарының өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін, жол және ауыз сумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын және жергілікті тұрғындар айтқан өзекті мәселелерді талқылады.
Депутат, сонымен қатар «Испусинов», «Дастан» шаруа қожалықтарының, «Жұмағалиева Н» поликарбонаттан жасалған өндірістік жылыжай кешенінің жұмысымен, сондай-ақ «JoiPark» ойын-сауық орталығы және «Saida» сауда орталығымен де танысты.
Сағындық Лұқпанов сапар аясында ауыл тұрғындарымен жүздесті және шағын елді мекендердің проблемаларымен танысты. Атырау облысы ауылдарының проблемалары үнемі оның назарында екенін және оларды шешу жолындағы жұмысты жалғастыра беретінін атап өтті.
* * *
Парламент Сенатының депутаты жазғы каникул алдында Андрей Лукин Астана қаласы мәслихатының депутаттарымен және елорда тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде мәслихат депутаттары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы сенаторға айтып берді. Сенатор Андрей Лукин өз кезегінде Сенатта жүргізіліп жатқан заңнамалық жұмыстың барысы туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті.
«Парламент VIII шақырылымның I сессиясы барысында жалпы алғанда 25 заң актісін қабылдады. Сондай-ақ VIII шақырылымның I сессиясы аясында «Өңір» депутаттық тобының жұмысы қарқын ала түсті және құрамы жаңартылды. Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес қайта ұйымдастырылды, оның құрамына мәслихаттардың барлық төрағалары енетін болды. Кеңестің мақсаты мен міндеті де нақтыланды. Сонымен қатар 30 наурызда Сенат төрағасының жетекшілік етуімен «Өңір» депутаттық тобының жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті. Онда сенаторлар VIII сайланған Парламенттің I сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміз Парламенті мен Үкіметінің алдына қойған міндеттерін талқылады», деп атап өтті Андрей Лукин.
Сенатор Астана қаласындағы «Есіл», «Алматы», «Байқоңыр», «Сарыарқа» және «Нұра» аудандары прокуратураларының қызметкерлерімен де кездесті. Олардың қызметімен, материалдық техникалық жабдықталуымен, елорда аудандарындағы қадағалау мекемесі мен құқықтық тәртіптің жұмысымен танысты. Депутат өз сөзінде биылғы наурыз айынан бастап парламенттік корпус пен Бас прокуратураның бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарғанын атап өтті.