Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Қызыққа толы демалыс

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жазғы демалысын қызықты өткізу әр балаға маңызды. Әсіресе өзі қатарлас достарымен бірге қырға шығып, арнайы ашылған демалыс лагерь­ле­рін­де болып қайтқаннан асқан бақыт жоқ. Алакөл жағасындағы «Үржарайым» балалардың демалыс орнында Абай облысының әр ауданынан оқушылар он күнге келіп, тынығып қайтады. Олар – негізінен көп балалы отбасылардан шыққан, пәндік олимпиадаларда, білім сайыстарында топ жарған оқушылар.

Қызыққа толы демалыс

Жалпы алғанда Абай облы­сында балаларға ар­нал­ған 12 сауықтыру лаге­рі бар.

– Біздің лагерь 15 маусымда ашылды. 6 маусым бойынша мұнда демалуға 620 бала қамтылып отыр. 600 бала «Қазақстан хал­қы­на» қорының есебі­нен демалады. 20 бала мем­ле­кеттік қызмет көр­сету мақсаты бойынша келеді. Барлығының да уақытын қызықты өткізуге баса мән береміз. Тәулігіне алты мезгіл тамақтанады, екі рет емдік қасиеті бар Алакөлге шомылады. Барлығы жіті қада­ғалауымызда. Де­­мал­­тып қана қоймай, пат­­риот­тық іс-шаралар, әр­түр­лі өнер сайыстарын ұйым­дас­тырамыз. Он күндік маусымның әр­қай­сысы бойынша 120 бала демалып қайтады. Қазіргі төртінші маусымда Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз және Үржар аудан­да­рының ба­лалары жүр, – дейді «Үр­жарайым» сауықтыру ла­герінің аға тәлімгері Дина Досанқызы.

Үржар ауданы Ақжар ауылынан келген 8-сынып оқушысы Гүлнұр Рақышева осы лагерьге келгеніне ерек­­­­­­-
ше қуанышты.

– Әр күніміз қызықты өтіп жатыр деп айтуға болады. Кеше волейбол ойнасақ, бүгін дойбы ой­на­мақпыз. Өзім биге, ән айтуға жақынмын. Кешке «Екі жұлдыз» байқауы өте­ді. Соған тәлімгеріммен бір­ге «Бет­перде» әнімен қа­­тысуға ынталанып отыр­­­мын, – дейді жүзінен қуа­ныш­тың лебі ескен Гүлнұр.

Осынау сауықтыру лаге­рінде 16 демалыс орны қамтылған. Әрқайсында 12 бала бір тәлімгерімен жай­ғасқан. Балалардың қы­зықты да алаңсыз демалуы­­на қауіпсіздік, сақ­тық шаралары бақылауға алынған.