Фестиваль сахнасында Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Омаров өнер көрсетті. Мәдени байқауды 100 мың көрермен тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3000-ға жуық өнерпаз қатысты.
Қазақстанның Аустрия Республикасындағы, Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры Сейітқасым Түктібаевқа алғыс білдіріп, өнерпаздарды да марапаттады.
Сондай-ақ филармония өнерпаздары 78-дәстүрлі фестивальдың жабылуына арналған «Ұлттық киімдер шеруіне» қатысты. Деректерге сенсек, мәдени іс-шараны 150 мың көрермен тамашалаған.
Шеруге көк байрағымызды желбіретіп, еліміз атынан қатысқан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Атамекен», «Өз елім» және халық әндері мен Әнұранды орындады.