Ресейге ауыр зардап тигізуге бағытталған санкциялар біздегі көліктік проблемаларды да қоздата түскендей. Осыған дейін Ресей басты сауда серіктесіміз болып келген еді. Тиісінше, теңізге тіке шығар жолы жоқ еліміз өзінің экспорттық маршруттарын осы солтүстіктегі көрші арқылы жүзеге асырды. Бір ғана Каспий құбыр консорциумы арқылы отандық мұнайдың 80 пайыздан астамы əлем нарығына шығады. Одан бөлек, ресейлік теміржолдар мен теңіз инфрақұрылымдары қаншама?! PwC CEO Survey 26-жаһандық жобасы аясында жүргізілген ірі компаниялар басшылары арасындағы сауалдамада CEO-лар геосаяси түйткілдің отандық нарықтағы сауда-саттық пен жеткізілімдерге қалай əсер ететінін талқылайды. Кəсіпорын басшылары геосаяси тəуекелден туындаған қиындықтың бетін қайтару бойынша түрлі стратегия əзірлей бастады. Қазірдің өзінде отандық кəсіпкерлердің 81 пайызы қалыптасқан нарықтағы қызметін өзгертіп немесе жаңа нарық іздей бастаған. Мұны мен қатар жеткізу тізбектерін де өзгертуге күш салып жатыр. Бірқатар бизнесмен өз өнімдері мен қызметтерін əртараптандыруға көшкен. Бірнеше халықаралық компания Ресейдегі қызметін тоқтатып, бизнесін Қазақстанға релокациялаудың жолдарын іздестіріп жатыр.
«Соғысқа дейін біз Ресейдегі жобаларды кеңінен зерттедік, алайда инвестициялауды бастамаған едік. Қазір Ресейде жобаны жүзеге асыру мүлде мүмкін емес. Ресейлік нарық біз үшін түсінікті еді, қалай бағдар жасап, қайтіп дамитынымызды білдік. Əзірге бақылап отырмыз жəне Қазақстанда жұмыс істеуге күш саламыз. Жеткізу тізбектерінің қайта реттелуі бізге қатты əсер етпе ді, бірақ көптеген компания үшін маңызды екені түсінікті. Біз мəселен, өнімдерімізді ішінара қайта бағыттадық. Бұрын Еуропаға тасымалдайтынбыз, қазір – Қытайға. Өйткені еуропалық бағыт əрі ұзарып, əрі қымбаттап кетті. Əлбетте, біздің өнімдеріміз айтарлықтай қымбат, сол себепті бізге соншалықты зиян келтірмейді, дегенмен мұндай проблеманың бар екені рас», дейді Caravan Resources басшысы Марат Сейітқұлов.
Ал Home Credit Bank өз қызметкерлерінің релокациясын жақын арада жүзеге асырмақшы.
«Жұмыс күшімізді релокациялауды қарастырамыз, бірақ бір жаққа көшіру тұрғысынан емес. Біз қызметкерлеріміздің əлемнің кез келген нүктесінен жұмыс істеуіне мүмкіндік береміз. Бұл əріптестіктің ең тамаша нұсқасы емес, əрине, түрлі шектеу бар – ол тəртіпке жəне нақты қойылған міндеттерді орындауға қатысты. Бірақ бір жағынан жаңа мүмкіндіктер де ашады. Адамдардың орналасқан жерінің икемділігі біз үшін маңызды. Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарымыздың 90 пайызын облыстық инфрақұрылым бойынша өңірлерден call-орталықтарға қостық. Көбі осы форматта жұмыс істеуді əлі жалғастырып жатыр жəне мұны тəп-тəуір іске асыруда. Бастапқыда мотивация тұрғысынан қиындық болған, алайда бұл моделді басқаруды да сəтті еңсердік. Өнімдер мен қызметтерді əртараптандыруды жоспарлап отырмыз. Шағын бизнес бағытында анық жылжып келеміз, біздің бөлшек сауда бағдарымызбен түйіскен жерде ілеспе мүмкіндіктер бар, сонымен қатар транзакциялық бизнеске де шындап кірісеміз. Орта жəне ұзақ мерзімді перс пективада монолайнер болуды, тек тұтынушылық несиелеу бойынша жұмыс істеуді жоспарламаймыз, мейлінше кеңейе түсуді қарастырамыз», дейді банк басшысы Кирилл Бачваров.
IT-шешімдер мен сервистердің жаһандық жеткізушісі Noventiq компаниясының басшысы Анна Дю Ресейдегі деректерді өңдеу орталығын Қазақстанға ауыстырдық дейді.
«Сондай-ақ санкцияға байланысты жеткізу тізбектерін де түзетеміз. Осыған дейін бүкіл бизнес-үдерісі бір шаңырақтың астында жұмыс істеп келді, мысалы логистиканы айтуға болады. Біз Ресейдегі логистикалық компаниямыз арқылы Қазақстанда жұмыс істедік. Ресей санкцияға ұшыра ғаннан кейін жеткізудің басқа арна ларын ұйымдастыруға тура келді», дейді Анна Дю.
Noventiq-тің Ресейдегі бизнесі сатылған нан кейін ұйымның халықара лық бизнесте жұмыс істейтін бірнеше мүшесіне өзге елдерге көшуді ұсынған. Сонда ғана оларда жұмысын сақтап қала тын жəне əлемдік ұйымда əрі қарай қызмет ете алатын мүмкіндік сақталады. Енді олар киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығын күшейтуге бағытталған инвестицияны арттырмақшы. Əлемдік фармацевтикалық нарықтағы ірі компания саналатын германиялық Stada-ның (Standardarzneimittel die Deutscher Apotheke – «неміс аптекаларының стандарт препараттары») Еуразия өңіріндегі вице-президенті Арминас Мацевичустің айтуынша, Ресейде екі зауыт жұмыс істейді жəне бұлар – көш ілгері позицияда.
«Көптеген компания сияқты геосаяси жағдайға байланысты біз де инвестицияны қысқартуға мəжбүр болдық. Алайда мен қандай да бір фармацевтикалық компанияның нарықтан кеткенін байқамадым. Ресейдегі инвестицияның қысқаруы өндіріс модернизациясының жəне дамуының тоқтап қалуына əкелді. Өйткені мұндай жағдайда инвестиция жасаудың тəуекелі жоғары. Бір жағынан біз Украинадағы жұмысымызды да жалғастырып жатырмыз. Жаңа тəуелсіз Еуразия өңірі аясындағы өзіміз жұмыс істейтін барлық елде заңдық жəне коммерциялық құрылымдарды құрдық. Біздің территориямыз – Еуропадан Моңғолияға дейін – Моңғолия, Орталық Азия, Кавказ-Əзербайжан, Грузия мен Армения, Молдова мен Беларусь. Əрине, əскери қақтығыс Еуразия өңіріндегі Stada-ның бизнес-моделіне əсерін тигізді. Бірақ мұның жақсы жағы да бар екенін айта кеткім келеді», дейді ол.
Геосаяси шиеленіс салдарын сезінген кəсіпорынның бірі – Sanofi халықаралық француз фармацевтикалық компаниясы. Компанияның еліміздегі өкілдігінің басшысы Қуаныш Оспановтың айтуынша, қазір басшылық жеткізу тізбектеріне түзету енгізген. Соның нəтижесінде, Ресейді айналып өтетін екі бағыт қарастырылып отыр екен.
«Жұмыс күшінің релокациясы жүзеге асты, бұрыннан жұмыс істеген нарықтарда өзгерістер жасадық жəне жаңа нарықтарға шығуды қарастырып жатырмыз. Біз белгілі бір нарықтардан кетеміз, бизнесті тапсырамыз. Жаңа нарық тарға шығу жағына келетін болсақ, бұл ретте топ-бағыттарды көздейміз, мысалы, Америка. Қазір жаңа бизнесті сатып алу үдерісіндеміз. Sanofi ретінде кей елдерден кетеміз. Препараттар болады, өйткені біздің мақсатымыз – өнімдеріміздің науқастар игілі гіне қызмет етуі. Ендігі ретте айтарлық тай ірі нарықтарға орнығуды көздеп отырмыз. Қазақстандық кеңсе ТМД өңіріне жұмыс істеді жəне біз биыл бұл жақ тан кетеміз. Бизнесті Stada компа ния сына береміз, ол осы өңірде Sanofi мүд десін қорғайды. Бұл туралы қызметкерлерімізге хабарладық», дейді компания басшысы.
Жанталаса жаңа маршрут іздеп жатқан компанияның бірі – Forte Bank.
«Бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда біз алуан түрлі IT-қызметтерді тұтынамыз. Бұған дейін ТМД елдерімен жұмыс істейтін ірі вендорлар қызметін жеткізушілер Мəскеуде орналасты. Енді бізге Ресей аумағынан тыс жерден жеткізуші табу керек болып тұр», дейді банкир.