Тұлға • 13 Тамыз, 2023

Дархан Қыдырәлі ғұламаның 165 жылдығына арналған жиында сөз сөйледі

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Қыдырәлі ғұламаның 165 жылдығына арналған жиында сөз сөйледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», деп атап көрсетіп, «адал азамат» концепциясын алға тартқаны белгілі. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемел адам» ілімі мен «толық адам» ұстынынан тамыр тартып, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз», деді министр.

Айта кетелік, Баянауылда «Мәшһүр жол» аудио кітабы, «Таңдамалы шығармалар жинағы» 10 томдығының тұсауы кесілді. Сондай-ақ ақын рухына арнап ас беріліп, ақындар айтысы ұйымдастырылды.