
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,55 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 448, 55 теңге.
Ұлттық банктің 14 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,81 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,70 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны – 451 теңге.
Ресей рублі 4,41 – 4,56 теңге аралығында саудаланып жатыр.