Бұған дейін орталыққа ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов барған еді. Үкімет басшысына жаңа медициналық мекемені озық жабдықтау және жергілікті тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету жоспарлары туралы баяндама ұсынылды.
Орталықта халықаралық стандарттарға сәйкес реанимация және анестезиология бөлімшелері, сондай-ақ операциялық блок ұйымдастырылып, жарақтандырылды.
Онкологиялық орталықта цитостатиктерді орталық сұйылтудың автоматтандырылған кабинеті ұйымдастырылған, бұл венаішілік инфузияға арналған химиялық, таргеттік және иммунологиялық-онкологиялық препараттардың ерітінділерін мүмкіндігінше дәл және жылдам дайындауға мүмкіндік береді.
«Тараз қаласындағы жаңа онкологиялық орталық жергілікті тұрғындарға онкологиялық көмектің заманауи әдістерінің толық спектрін ұсынады. Енді пациенттерге сәулелік терапия алу үшін басқа өңірлік барудың қажеті жоқ, өйткені орталық конформды сәулелік терапия, IGRT және IMRT сияқты озық әдістерді жүзеге асыруға қабілетті заманауи аппаратпен жабдықталған. Қазақстанда жаңа ауруханалар салу және қолданыстағы клиникаларды технологиялық жаңғырту есебінен онкологиялық көмектің қарқынды дамуы жалғасуда», деді министрлік өкілдері.