Ауа райы • 16 Тамыз, 2023

Елімізде күн қайта ысиды

944 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде күн қайта ысиды

«Қазгидромет» РМК ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде жел күшейеді.

Десе де, елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп жатқаны байқалады. Ауа райы болжамына қарағанда, еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын болмайды.

17 тамызда Атыраудың шығысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде 35-36°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +25+27°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +32+34°С.