Білім • 16 Тамыз, 2023

Азаттық әліпбиі

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балаларға арналған әдеби ең­бектер, танымдық жинақтар қашанда ұлт үшін үлкен мұ­ра. Себебі заман ағымы біз ой­ламаған кеңістікке бағыт тү­зеп барады. Ендеше, кез келген рухани кітап сау ақылдың бойтұмары. Мұны «Тәуелсіздік әліппесі» әліпбиін қарап та айтуға болады.

Азаттық әліпбиі

Аталған еңбектің авторы – Әнуар Қабдолдаұлы. Ол ұрпақтың қара танып, сауатын ашуына үлес қосып жүрген жандардың бірі. Жақында «Тәуелсіздік әліппесі» атты балаларға арналған әліпбиді жаңаша форматта жасап шығып, қазіргі уақытта соны насихаттаумен айналысып жүр. Айтуынша, бұл нұсқаны жасауға 8 жылын сарп етіпті. Оның ісін республикадағы белгілі педагогтер қолдап, әліпбиге оң көзқарас танытқанын айтады.

Автордың «Тәуелсіздік әліппесін» шығарудағы басты мақсаты мектепке дейінгі бүлдіршіндердің тәуелсіздік құндылықтарынан тәлім алып өсуіне жол ашу. Сонымен қатар олардың таным қабілеттерінің кеңеюіне септігін тигізеді деген сенімде.

Аталған әліппенің тұсаукесері Талдықорғандағы №42 балабақшада ұйымдастырылды. Іс-шараға ша­һар­дағы балабақша қызметкерлері қа­тысып, салтанатты жиынның куә­гері болды. Жиында облыстық оқу-әдістемелік дамыту орталығының мектепке дейінгі мекеме бөлімінің әдіскері Мақпал Асқарқызы сөз алып, лебізін білдірді.

Айта кетейік, әліпбиде 29 әріп көрсетілген. Ол жерден қазақы нақыш­тағы бейнелерді аңғаруға болады. Бүлдіршіндердің тез түйсінуі үшін он­дағы суреттер айрықша қанық бояу­лармен әрленген.

Іс-шара барысында балабақша шәкірттері концерттік қойылым қой­ды. Ән шырқап, би биледі. Жаңа әліпбидегі әріптерді хормен әуендете шырқап, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Жетісу облысы