Қаржы • 17 Тамыз, 2023

Доллар қымбаттады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 – 463 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттады

Фото: turantimes.kz

Kurs.kz  мәліметіне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457– 462 теңгеден, Ресей рублі 4,75 – 4,9 теңгеден сатылуда.

Ал Алматыда доллар бағамы 458,5 – 463,5 теңге, көрші ел валютасы 4,83 – 5,07 теңге аралығында құбылып тұр.

16 тамызда кешке өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 5,81 теңгеге қымбаттап, 455,29 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы: 1 доллар – 454,30 теңге, рубль – 4,70 теңге.