Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының іс-шаралар жоспарының қайта қарау жобасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда күшейту, сондай-ақ
2023-2024 жылдарға арналған отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша
5 жүйелі бағыт қарастырылды.
Олар:
1. Профилактикалық шаралар (қиын жағдайға тап болған отбасы мен адамдарды анықтау, олардың алғашқы оңалту шаралары);
2. Инфрақұрылымды кеңейту: қайталама, үшінші реттік оңалту, реинтеграция;
3. Мамандармен қамтамасыз ету;
4. Заңнама;
5. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Жиналыс қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдарға бір апта ішінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын қайта пысықтауды тапсырды. Осы жылдың тамыз айының соңына дейін іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарлануда.