Спорт • 19 Тамыз, 2023

Дзюдодан Гран-при турнирі: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай қола жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Дзюдодан Гран-при турнирі: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Фото: instagram.com/kaz_judoteam

Аталған турнирде 66 келіге дейінгі салмақ бойынша қола жүлде үшін болған белдесуде Айболат Ыстыбай кипрлік Георгиос Баларджишвилиді жеңді. Осылайша ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Әлемнің 85 елінің дзюдошылары қатысып жатқан Гран-при турниріне Қазақстаннан барлығы 11 дзюдошы қатысып жатыр.