ФОТО: inform.kz
Спорт саласы қызметкерлері таңғы сағат жетіден елорда іргесіндегі Қосшы қаласының айналма веложолына жиналды. Велошеруге 300-ден аса адам қатысты. Еңсерілуге тиіс қашықтық – 25 км.
Олармен бірге Астана қалалық әкімдігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары, елімізге танымал спортшылар, қалалық спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары, спорт ардагерлері «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейін жалғасқан қашықтықты жүріп өтті.
Айта кетейік, іс-шара барысында спорт саласының қызметкерлеріне Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың, қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің Алғысхаттары, «Үздік спорт қызметкері», «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды.
Сондай-ақ биыл маусым айында Грузияның Батуми қаласында шахматтан өткен әлем чемпионатында топ жарып, 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Айару Алтынбекке велосипед сыйға тартылды.