Қоғам • 22 Тамыз, 2023

Төтенше жағдайлар министрі «Қазақстан» шахтасындағы жағдай туралы айтты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасындағы өртті сөндіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрі «Қазақстан» шахтасындағы жағдай туралы айтты

 

Министрдің айтуынша, шахтада өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

«Барлығыңыз БАҚ-тан тасмалдаушы лента жанғанын естідіңіздер. Кейін өрт көмір қабаттарына тарады. Сондықтан ұзақ уақыт жанып жатыр. Өртті сөндіру күрделі мәселе. Құтқарушылар тыныс алуға қолайсыз ортада, көру мүмкіндігі шектеулі, жоғары температурада жұмыс істеп жатыр. Өрт жер бетінде сөндіріліп жатқан жоқ. Белгілі бір технологиялар бар, оларға сәйкес жұмыс жасалуы керек. Болжамдар туралы айтуға әлі ерте. Бірақ жақын арада сөндіріледі деп ойлаймын», деді С.Шәріпханов.