Спорт • 22 Тамыз, 2023

Елімізде 6 856 тоғызқұмалақ үйірмесі бар

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қазақстандағы тоғызқұмалақ спортының көрсеткіштері жайлы ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 6 856 тоғызқұмалақ үйірмесі бар

Фото: toquzkumalak_iktu инстаграм

Вице-министрдің мәлімдеуінше, ұлттық спорт түрлеріне, оның ішінде тоғызқұмалақ спортына министрліктің ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт мектептерінде тоғызқұмалақ бөлімдері бар. Олардан бөлек ұлттық спорт түрлері бойынша 10 клуб жұмыс істеп тұр.

Жалпы еліміз бойынша 6 856 тоғызқұмалақ үйірмесі бар. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерде ұйымдастырылған турнирлер мен чемпионаттардың нәтижесінде жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Ұлттық құрама командалар жасақталған, Ұлттық құрама сапында 136 адам бар.

Ұлттық ойын - тоғызқұмалақ спортын дәріптеу, тарату және жан-жақты қолдау жұмыстарын алдағы уақытта да дамыта беру көзделіп отыр.