Спорт • 22 Тамыз, 2023

Константин Малиновский әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Константин Малиновский әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады

Бұл бағдарламада іріктеуге Ұлттық құраманың 3 спортшысы қатысты. Олардың арасында үздік нәтижені Константин Малиновский көрсетті. Ол 624 ұпай жинап, 7-орын алды. Отандасымыздың қола медаль үшін таласуына 1 ұпай жетпей қалды. Ал Ислам Сәтпаев 41-ші (617,8 балл), Юрий Юрков 55-ші орынды (614,3 балл) місе тұтты. Осылайша, командалық есепте ерлер құрамасы (1856.1 ұпай) 10-орын алды.

Чехиялық Петр Нимбурски чемпион атанса, қытайлық Линьшу Ду күміс, Ян Лочбилер (Швейцария) қола медаль жеңіп алды. Бұл сында барлығы 73 атлет шеберлік байқасты. Мұнда олар жатып 60 оқ атуы керек. Қазір жаттығудың бұл түрі Олимпиада бағдарламасына кірмейді.