Әлем • 23 Тамыз, 2023

Меккеде дүлей дауыл тұрды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясында қатты дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Ауа райының тосын мінезі мұсылмандар үшін қасиетті мекен Меккеде де байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Меккеде дүлей дауыл тұрды

Әлеуметтік желіде Меккедегі қатты желдің видеосы пайда болды. Дүлей дауыл жолдағының бәрін ұшырып, нөсер салдарынан көліктер суға батып жатыр.

Кеше таңертең Сауд Арабиясының ұлттық метеорологиялық орталығы елдегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.