Өнер • 23 Тамыз, 2023

Цирк фестивалінде топ жарды

158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Азия жаңғырығы» атты цирк өнерінің халықаралық фестивалінде Алматы циркінің әртістері тағы да жеңіс тұғырынан табылды. Әділет Тиканов жетекшілік жасайтын «Акробаты на двойной мачте» номерін орындаған Hassak тобы мен Майя Ұлықпанова 11 мемлекеттің әртістері арасында үздік атанып, XIY халықаралық фестивальдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Цирк фестивалінде топ жарды

Тамылжыған тамыз айында Астаналық цирктің манежінде Қазақстан, АҚШ, Франция, Моң­ғолия, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Ресей, Беларусь, Венг­рия, Қытай, Болгария, Из­райль, Якутия, Гер­мания, Тәжік­­­с­тан елдерінің ең мықты әр­тіс­­тері кездесті. Бай­қауға қа­тысқандардың өнерін бүгін­гі цирк өндірісіндегі таны­мал мәдени тұлғалар баға­ла­ды. Қазылар алқасының құ­ра­­мына «Астаналық цирк­тің» бас директоры Ерік Жол­жақ­сынов, Монте-Карло­да­ғы ха­лықаралық цирк фести­валі­нің вице-президенті Урс Пилз, Италиядағы халық­ара­лық цирк фестивалінің пре­зиденті Фабио Монтико, Fire­bird Productions Ltd (АҚШ) же­текшісі Петр Дубинский, цирк өнерінің Ұлттық орталығы мен Будапешт қаласындағы астаналық цирктің директоры Питер Факете, CirqueD Hiver Bouglione президенті Одет­те Буглионе, Беларусь мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан, Тәжікстан мемлекеттік цир­кінің директоры Бихтиер Рах­матуллозода, Саха Респуб­ликасы мемлекеттік циркінің директоры Сергей Расторгуев, Қазан мемлекеттік циркінің  директоры Эльмира Булатова, Моңғолия циркін дамыту Ор­талығының президенті Ердене Нургуи, Мәскеудің Цвет­ной Бульварындағы Ни­ку­­лин циркі директорының гастроль­дерді ұйымдастыру мен шетелдермен жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Огур­цов, Алматыдағы Қазақ мем­лекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов, Өзбекстан мемлекеттік циркінің директоры Рустам Мажидов бар.

Қазақ мемлекеттік цир­кінің талантты әртістері жеңім­паз атану үшін «Азия жаң­ғы­рығының» өзге қатысу­шы­ларымен бірге кәсі­би дайын­­­дықтың теңдессіз үл­гісі мен биік деңгейдегі өнер өрне­гін көрсетті.