Осы мақсатта Қарағанды облысында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қосымша 133 бейнебақылау камерасы орнатылады. Жобаны облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы полиция департаментімен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Жылға жоспарланған «Қауіпсіз қала» жобасы 2021 жылы іске қосылды. Бүгінде 2 859 камера мен 110 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.
«Биыл аудан әкімдерінен және тұрғындардан қосымша камералар мен аппараттық-бағдарламалық кешен орнатуға сұраныс пайда болды. Біз жаңа бағдарламаны әкімшілік полиция басқармалары, Қарағанды облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және Қарағанды қаласы полиция басқармасымен келістік. Шілде айында 24 жылдамдық өлшегіш пен 133 бейнебақылау камерасын орнатуға қаражат бөлінді», дейді «Қауіпсіз қала» жобасының менеджері Павел Ортнер.
Қосымша 133 қауіпсіздік камерасы тамыз айының соңына дейін орнатылмақ. Бұл – статикалық камералар. Мамандар «құрылғылар суретке сапалы түсіреді» дейді.
Тамыз айында қосымша аппараттық-бағдарламалық кешен іске қосылды. Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында жаңа жылдамдық өлшегіштер пайда болды. Аппараттық-бағдарламалық кешен алғаш рет Шахтинск қаласында орнатылды. Тұрғындардың өтініші бойынша Жол қозғалысы ережелерін тіркеудің тағы бір құралы Абай ауданындағы Дубовка ауылының маңына қойылды. «Соның нәтижесінде бұл жол учаскесінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері күрт төмендеді», дейді П.Ортнер.
Қарағанды облысы