Спорт • 25 Тамыз, 2023

Әскери қызметші Еуропа чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда өткен Еуропаның XXXI су асты бағдарлау чемпионатының «МОНК» жаттығуында екінші орын олжалаған ефрейтор Шахноза Құрбанованы Алматы қаласында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әскери қызметші Еуропа чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Фото: gov.kz

Ол су астында жүзу спортының ең күрделі түрінен жеңіске жеткен. Стартердің белгісімен төреші спортшыларға баллонға бекітіліп картографқа салынған пластикалық картаны береді, әрі қарай, спортшы курсты (градус) және метрді алып тастап, бағдарға дейін екі метр тереңдікте жүзеді. Осылайша, ол бес бағдарды бекітуі керек. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келген уақытына қарай анықталады.

Айта кетсек, су астындағы бағдарлау бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Шахноза Құрбанова – осы күрделі жаттығуда әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі саналады.  Ол 2008 – 2022 жылдардағы су асты бағдарлаудан және жылдам жүзуден Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Оның жетістіктер қоржынында 71 республикалық және 18 халықаралық марапат бар.

Қорғаныс министрлігі

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03