Оқиға • 28 Тамыз, 2023

Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше Қарағанды облысы аумағында көлік апаты болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды

Фото: Polisia.kz

Оқиға 27 тамыз күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Қарағанды - Аягөз – Бұғаз» тасжолында болған. Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып кетеді де, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100 автокөлігіне соқтығысқан.

Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға салдарынан көз жұмған. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.