Отбасы • 29 Тамыз, 2023

Мерейлі отбасы мәртебесі

534 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Талдықорған қаласындағы Сал­танат сарайында өткен мерекелік жиында бірқатар отбасының мерейі өсті.

Мерейлі отбасы мәртебесі

Қа­сиетті құндылығымыздың қара­шығындай болған дәс­тү­рімізді дәріптеп, ата-анасын ар­дақтап, өмірдің әр саласында өзін көрсете білген отбасылар бар­шылық. Олар­дың жарқын ісі жалғасын тауып, кейінгіге өнеге болуы керек. Осы негізде 10 жыл бұрын бастау алған бай­­қау бү­гінге дейін талай ша­ңы­рақты шат­тыққа бө­леді. Бү­гін де соның жарқын үл­гісін көре білдік.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жеңімпаздарын ма­ра­паттау салтанатының ал­­ғаш­қы сөзі облыстық мәс­ли­хаттың төрайымы Гүл­нар Тойлыбаеваға берілді.

– Отбасылық құндылық Отаны­мыз үшін әрқашанда қым­­бат. Әрбір отбасының ба­қыты – еліміздің бақыты. Сол үшін қаншама ата-ана еңбек етіп ке­леді. Бабаларымыздың «Бала бер, бала берсең, сана бер..» деген қанатты сөзі әр отбасы үшін ұран болып қала бермек. Әрбір отбасында жарасымды тірлік, жұ­байлардың бір-біріне деген ізгі махаббаты, баланың күлкісі болуы керек. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген дана қазақтың сөзін еске ала отырып, біз шаңырағын кеше ғана құрған жас отбасыларға үлгі-өнеге көрсетуіміз керек, – деген Г.Тойлыбаева бай­қау­да жүлде алған жандарды марапаттады.

Ұлттық байқаудың шар­ты бо­йынша жүзден жүй­рік шыққан сарқандық Мол­дабаев пен тал­ды­қор­ғандық Еркінбек әулеті жүлделі 3-орын иегері атанды. 2-орынмен қараталдық Әмі­ров және Пан­филов ауданының Керімбеков әу­­леті марапатталды. Қоғам­да­ғы бел­сенділігімен топ жарып, алға шыққан ала­көлдік Қайранов ша­ңырағы же­ңім­паз атанып, 1 млн теңге ақ­шалай сыйлық алды.

Өнегелі отбасылар ма­ра­­пат­талғаннан кейін ән шыр­қалып, күм­бірлеген күй төгілді. Же­тісу жұрт­шы­лы­ғына танымал өнер­паз­дар ән айтып, кө­рермен ықы­ласына бөленді.

 

Жетісу облысы