Спорт • 31 Тамыз, 2023

Дзюдодан әлем чемпионына пәтер сыйға берілді

1654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дзюдодан әлем чемпионына пәтер сыйға берілді

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, Нұрлан Исатаев Хорватияның Загреб қаласында өткен кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі. Облыс әкімі жас спортшының бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

«Өзіңдей жастар - ел мақтанышы. Сен тек облыс атын ғана ұлықтамай, қазақ елін әлемге танытасың. Біз сені мақтан етеміз», деді Нариман Төреғалиев.

Кездесу барысында облыс әкімі жас чемпионға пәтер кілтін табыс етті.

Әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаев Қазақстан құрамасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 23-27 тамыз аралығында өткен бұл біріншілікке әлемнің 64 елінен 570-тен астам спортшы қатысты. Өз тобында бірінші орын алған Нұрлан жартылай финалда отандасы Оралбек Байзақпен кездессе, финалда грузиялық Мераби Самадашвилимен белдесті.

БҚО-да әлем чемпионына пәтер кілті табысталды

Айта кетсек, Нұрлан Исатаевтың жаттықтырушысы Алтынбек Сұпығалиевке бір миллин теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.