Президент • 01 Қыркүйек, 2023

АЭС салуды референдум арқылы шешкен жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Қазақстанда АЭС салу мәселесі жиі көтеріліп, бірқатар іс-шаралар кешені де жүргізілді. Халық арасында да түрлі сауалдар туындап, әлеуметтік желіде болсын, қоғамдық талқылауларда болсын қызу талқыланған еді. Бүгін Мемлекет басшысы да бұл мәселенің анық-қанығына тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АЭС салуды референдум арқылы шешкен жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: pixabay

«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Десе де, кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтыны белгілі. Бұл ретте Мемлекет басшысы Семей полигонын мысал ретінде келтірді.

«Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», деп нақтылады Президент.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше