Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

Абай облысында 10 760 бүлдіршін мектеп табалдырығынан аттады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 2023-2024 жылғы оқу жылында Абай облысы бойынша 10 760 бүлдіршін 1-сынып табалдырығынан аттады, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық білім басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысында 10 760 бүлдіршін мектеп табалдырығынан аттады

Соның ішінде 7 548 (70%) бала қазақ сыныптарына қабылданса, орыс тілді сыныптарға 3 212 (30%) бала тілек білдірген.

Облыс орталығы Семей қаласы бойынша айтар болсақ, бүгінгі күні 1-сыныпқа қабылданған оқушылар саны 5 565 болса, оның 3 417-і қазақ сыныптарына, 2 148-і орыс сыныптарына барғаны белгілі болып отыр.

Сараптап айтар болсақ, 2022-2023 оқу жылында 10 611 бала 1 сыныпқа қабылданған еді. Соның ішінде 7 251 бала қазақ сыныбын таңдаса, орыс тілді сыныпқа 3 360 бала барған.

Демек, өңірде қазақ сыныбына баратын бала саны артып келеді деуге әбден болады.