Ауа райы • 01 Қыркүйек, 2023

Елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан синоптиктері 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке қарағанда, еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. мамандардың айтуынша, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде күн ашық болады.

Елбойынша күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.