Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

132 мың баланы қуантқан күн

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім күніне орай елімізде 39 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жаңадан ашылған оқу ордалары 55 мың оқушыға арналған. Ал жыл соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

132 мың баланы қуантқан күн

Министрліктің мәліметінше, Білім күні пайдалануға берілген 25 мың орындық 13 мектеп Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының демеушілігімен, ал 30 мың орындық 26 мектеп жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен салынды. Бұған қоса «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобаның аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарланған.

– Биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектепте оқуды бастайды. Ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы жылы 1 мың ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады, кітапханалар мен асханалары, жиһаздары жаңартылады. Алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады. Мұның бәрі отандық білім сапасын арттыру үшін, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы жағ­­дай жасау мақсатында қолға алынды, – деді Қосшы қаласында­ғы мектеп-гимназияның ашылуына қа­тысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрліктің ақпаратына сү­­йен­сек, елімізде жаңадан салынып, бі­лім мерекесінде пайдалануға берілген ­39 мектепке қосымша тағы 194 бі­лім беру ұйымында күрделі жөн­деу жұ­­мысы аяқталды. Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы бойын­ша жыл соңына дейін шағын қалалар­да, аудан орталықтарында, ауыл­дар­да ор­наласқан 1 000 мектеп ал­ты ба­ғыт бойынша жаңғыртудан өтеді. Яғни күрделі жөндеу, пән ка­би­нет­терін жабдықтау, мектеп жиһаз­­да­рын, кітапханаларды, асхана­­лар­ды жаңарту, сондай-ақ балалар­дың қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету жұ­мыс­тары жүргізіледі. 1 000 пәндік кабинет ашылмақ, сонымен қатар тағы 749 пәндік кабинет сатып алынады.

Айта кетерлігі, мемлекет жыл са­­йын мектептердің құрылысы мен жаң­ғырту жұмыстарына қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.