Алматы • 02 Қыркүйек, 2023

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін екі кітапхана ашылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24/7 (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) режимде жұмыс істейтін кітапхана құру идеясын айтқаны мәлім. Осы орайда Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің екі филиалы 1 қыркүйектен бері тәулік бойы жұмыс істей бастады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін екі кітапхана ашылды

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша Алматы қаласының мәдениет басқармасы қала әкімдігінің қолдауымен Алматы кітапханаларымен бірлесіп «Alatau Creative Hub» орталығы және Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханаларының базасын ашу туралы бастама көтерген.

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхананың жаңа жұмысы алматылықтарға берілген ыңғайлылық пен ресурстарды кез-келген уақытта пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ аталған тәсіл шығармашылықты ынталандыруға және әртүрлі актерлар арасындағы ынтымақтастықты жеңілдетуге ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетсек, өз кезегінде Alatau Creative Hub қалада таланттар мен креативті индустрияларды дамыту үшін қолайлы орта құру мақсатында «Шексіз қала» стратегиясын іске асыру аясында ашылған. Орталық барлық тілек білдірушілердің жан-жақты дамуы үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Мұнда оқырман әдебиеттің бай ассортименті бар кітап бұрыштарымен танысып, бағдарламалауды меңгере алады, өнер мен шығармашылық саласындағы дағдыларын дамыта алады.