«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтар күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
- 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;
- 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;
- 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;
- 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
- 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;
- 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті;
- 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;
- 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;
- 2016-2019 жылдары – Энергетика министрі;
- 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;
- 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды.