Байқау • 04 Қыркүйек, 2023

«Замандас сыры» байқауы жоғары оқу орындары студенттері арасында өтеді

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл 29 тамызда көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай «Замандас сыры»  республикалық республикалық студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар арасында байқау жарияланғаны белгілі.

«Замандас сыры» байқауы жоғары оқу орындары студенттері арасында өтеді

Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған байқау Ережесіне сәйкес студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар, жас ғалымдар құқықтық, этикалық тақырыптардағы журналистік зерттеулерді, детектив жанрына арналған ғылыми мен шығармашылық жұмыстарын жолдай алады. Байқау жұмыстары биыл 29 қыркүйекке дейін қабылданатын болады.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша өтеді:

  • Детектив жанрындағы журналистік зерттеу;
  • Жазушының әдеби мұрасына арналған ғылыми-зерттеу жұмысы;
  • Құқықтық/этикалық тақырыпта жарияланған репортаж.

Байқау ұйымдастырушыларының талабы бойынша, журналистиканың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді. Байқау талаптарына сай қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды.

Байқауға қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс. Байқауға еш жерде жарияланбаған жұмыстар қабылданады. Бір автордан бір номинацияға бір рет өтінім қабылданады. Қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі жұмыстар қабылданады.Дедлайн өткеннен соң келіп түскен өтінімдер байқауға қатыстырылмайды. Қатысушы шығармасымен бірге өзі туралы шағын ақпарат (0,5 беттен аспауы керек) және сапалы суретін жіберуі тиіс.

Байқау жұмыстары А-4 форматТА, TimesNewRоman 14-қаріппен  1.0 аралығында теріліп, Word форматында сақталуы керек.

Байқауға материалдары [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Байқау жұмысының электронды нұсқасы (автор туралы дерексіз) бөлек файлмен жіберілуі тиіс. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетіледі.

Іріктеуден өткен өтінімдер ашықтық қағидасына сәйкес Telegram платформасындағы «Замандас сыры байқауы» каналында (https://t.me/zamandassyry) жарияланады. Желі қолданушылары жарияланған материалдармен танысып, өз пікірін қалдыра алады.

Байқау комиссиясының құрамында Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының өкілдері, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері бар.

Жеңімпаздарға арнайы жүлделерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті тағайындап отыр.

Әр номинация бойынша:

  • 1-орын – 1 жеңімпаз
  • 2-орын – 1 жеңімпаз
  • 3-орын – 1 жеңімпаз
  • Ынталандыру сыйлығы – 1 жеңімпаз

 

АЛМАТЫ