Теннис • 04 Қыркүйек, 2023

Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстан командасы  ширек финалға шықты, деп хабарлайды  Egemen.kz  Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты

Фото: https://olympic.kz/

Азия чемпионатында Қазақстан атынан барған Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко,  Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская, Анастасия Лаврова, Сарвиноз Мырқадырова сынға түседі.   

Қыздарымыз  топтық кезеңде Бангладеш теннисшілерін 3:0, Непал командасын 3:0, Өзбекстан спортшыларын да 3:0 есебін ойсырата ұтты. Жігіттер де Азия чемпионатындағы тартыста табандылық танытты. Непал, Бангладеш, Қырғызстан командасын 3:0 нәтижесімен ұтқан жігіттер Тайланд командасын да 3:2 нәтижесімен еңсеріп, ширек финалға өтті.