Білім • 05 Қыркүйек, 2023

Шоқайдағы шаттық

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында тұңғыш рет алғашқы қоңырау сыңғырын естіген білім алушылардың саны едәуір артып отыр. Биыл 22 861 оқушы бірінші сыныпқа қабылданып, мектеп табалды­ры­ғын аттады. Білім күні жаңадан бой көтерген ауыл мектебі­нің балалары жаңа ғимаратта оқу мүмкіндігіне ие болды.

Шоқайдағы шаттық

Жамбыл ауданына қарасты Шоқай ауылындағы №3 орта мек­тептің жаңа ғимараты пайда­ла­нуға берілді. Осылайша, ауыл­дық­­тарды алаңдатқан өзекті мә­селе жаңа оқу жылында сә­тімен шешілді. 150 оқушы­ға арналған жаңа нысанда оқушылардың са­палы білім алуына барлық мүм­кіндік қарастырылған.

– Бүгінде өңірдегі білім ны­сандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса мән беріп отырмыз. Облыс орталығынан бөлек, шалғайдағы елді мекендерде де жаңа нысан­дар бой көтеріп жатыр. Апатты жағ­­дайдағы білім ошақтары мен­ үш ауысымда оқитын және­ орын тапшылығы бар мектеп­тердің мәселесі жыл өт­кен сайын ше­шімін тауып келеді. Ат­қарылған нақты жұмыстардың нә­ти­жесінде салада жеткен жетістіктер аз емес. Биыл ағартушы салаға 284,8 млрд теңге қарастырылды. Бұл­ облыс бюджетінің жартысы­нан­ жоғары. Сондай-ақ қазіргі таң­да 25 білім нысанының құры­лы­сы­ жүргізіліп жатыр. Жыл со­ңы­на­ дейін 9 мектеп пен 5 мек­теп­тің жапсарлас құрылысы аяқ­та­ла­ды. Ал 11 нысан келесі жылы­ пай­далану­ға беріледі. Шоқай ауылының оқушылары жаңа­ мек­тептің табалдырығын аттап отыр. Осылайша, ауылдағы орын тап­шылығы бар №3 мектеп­тің мәселесі толықтай ше­шіл­ді. Енді балалар заманауи талапқа сай жабдықталған үлкен білім ордасында білім алады, – деді білім ордасының ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров.

Ол балалардың алаңсыз білім алуы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жалғаса беретінін тілге тиек етіп, өңір басшысының атынан 10 ноутбук сыйлады. Ауыл азаматтарының атынан сөз алған Болат Қожабеков тұрғындардың өтінішін дер кезінде орындаған жергілікті атқарушы билікке алғыс айтты.

Ғимарат құрылысын жүр­гізген «Тараз Строй-2004» ЖШС өкілі Қуат Баққараев жаңа мектептің символикалық кілтін мектеп директорына табыстады. Жаңа мектеп спортзалы, мә­жіліс залы, шеберхана, тігін бөлмесі, роботтехника секілді өзге де қажетті кабинеттермен жабдықталған.

 

Жамбыл облысы,

Жамбыл ауданы