Шеткерірек бой көтерген білім ошақтарына қатынау ата-анаға да, балаға да айтарлықтай қиындық туғызады. Ал бюджет қаржысын үнемдейтін мұндай қосымша ғимараттар үш ауысыммен оқитын мектептер ауласына салынып отыр.
Іргелі білім ошағы саналатын №101 мектеп-лицей ауласында салынған 375 орындық ғимаратта бастауыш сыныптар оқиды. Ал үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектепке 550 орындық қосымша ғимарат салынды.
Жаңа ғимараттарда оқу құралдарын сақтауға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына толық жағдай жасалған. Бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік жабдықтары орнатылыпты.
Облыс орталығындағы бұдан басқа тағы екі мектептің қосымша ғимараттары жаңа оқу жылында балаларды қабылдады.
ҚЫЗЫЛОРДА