Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2023

Жайлы да жарық Студенттер үйі

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды медицина университетінің жаңа жатақханасы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.

Жайлы да жарық Студенттер үйі

Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қаланың орталығында болашақ дәрі­гер­лер үшін салынған жаңа студенттер үйі тоғыз қабаттан тұрады. Ғимаратты са­луға екі жыл уақыт кеткен. Жаңа жа­тақ­хана 400 студентті қабылдай алады. Мұндағы тұрмыстық жағдай заманауи стандарттарға сай. Оның тағы бір бірегейлігі – бір бөлмесінде 2 студент қана тұрады. Болашақ дәрігерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Жаңа жиһаздармен жабдықталған, сабақ­қа дайындық бөлмесі бар, интернеті де қол­жетімді. Тұрмыстық техниканың бар­лық түрі бар. Сонымен қатар мульти­ме­диалық кабинет, спорт залдары, тре­нажер, теннис, би және басқалары бар. Ғимараттың бірінші қабатында дәрігердің кабинеті қарастырылған. Студенттер үшін тағы бір тиімділігі – жаңа ғимарат Қарағандының орталық пар­кіне жақын орналасқан. Студенттер бой жазып, саябақта серуендей алады.

– Мемлекет басшысының бастамасымен бүкіл ел бойынша студенттерге арналған жаңа жатақханалар салынып жатыр. Біз сіздерге білімнің шыңына жетіп, кейін халыққа қызмет ету үшін қолайлы жағдай жасауға міндеттіміз. Мұндай заманауи жатақхананың ашылуы жаңа оқу жылының басында денсаулық сақтау саласының болашақ мамандарына тамаша тарту екені анық. Құрылысты университет «Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасы» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырды, – деді А.Ғиният.

Жергілікті биліктің жәрдемі – жатақхана салуға қала орталығынан ыңғайлы жер бөлді. Студенттер үйі көлік байланысы және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімді жерде орналасқан.

Бұл – Қарағанды медицина универ­ситетінің жетінші жатақханасы. Ака­де­­миялық жұмыс жөніндегі проректор Қуатбек Төлеубеков биыл универ­си­тет­тің бірінші курсына 1 777 талапкер қабылданғанын айтты. Оның жартысына жатақханадан орын жетіспейді. Қазір жаңа ғимараттан орындар бөлі­ніп­ті, студенттер қоныстанып жатыр. Қызылордадан келген Нұрайым Қайрат­қы­зы – енді осы жатақхананың тұрғыны.

– Жаңа оқу жылында осындай керемет жатақхананың тұрғыны болып жат­қа­­нымызға қуаныштымыз. Мен «Жал­пы медицина» мамандығы бо­йын­ша оқимын. Бұған дейін басқа жа­тақханада тұрып келдім, енді осы жер­ден орын ұсынды. Жаңа жатақханада жағдай мүл­дем басқаша екен. Бәрі жаңа әрі жайлы. Бастысы сабаққа дайындалатын каби­нетіміз бар, – дейді 3-курста оқитын Н.Қайратқызы.

Қазіргі уақытта университетте 7 мың­­­­­нан астам студент білім алып жатыр. Биыл құжат тапсырған талап­кер­лер­­­дің саны көп. Айта кету керек, уни­вер­­ситет табалдырығын аттаған 851 студент мем­лекеттік грант иегері атанды. Бұл көр­сеткіш былтырғы жылдан екі есе көп. Онымен қоса 3 студент Маңғыстау облыс­тық әкімдігінің, 1-еуі Атырау об­лыс­­тық әкімдігінің грантымен оқуға түсті. Тағы 4 студент «Қоңырат кор­по­ра­­­тивтік қорынан» грантқа ие болды. «Қа­­зақстан халқына» қоры 2 талапкерге бі­лім грантын тағайындады.

Мединица университеті мұнымен тоқ­тап қалмақ емес. Тағы да 500 орын­дық жаңа жатақхананың құрылысын бастамақшы.

 

Қарағанды облысы