Президент • 05 Қыркүйек, 2023

Президентке отандық құрылыс материалдары таныстырылды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Президент  ауыл шаруашылығы тауарлары мен құрылыс материалдарын өндірушілердің көрмесін аралады. Мемлекет басшысына отандық құрылыс материалдарының көптеген түрі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президентке отандық құрылыс материалдары таныстырылды

https://web.telegram.org/ .

«Қазақстанда өнеркәсіптік және азаматтық нысандар құрылысының толық циклін қамтамасыз ететін тауарлар өндіріледі. Атап айтқанда, көлденең желімделген ағаш, құрама темірбетон және бетон құрылғылары, автоклавты газоблоктар, талшықты цемент плиталары мен шыны мақта, құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдары, бояулар мен жабындылар, алюминий профильдері, панельдер, диодты шамдар, есік тұтқалары және басқа да өнімдер шығарылады. Мемлекет басшысы құрылыс саласының жай-күйі туралы айта келе, аталған саланы экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде атап өтті.  Көрмеге 20-дан астам қазақстандық тауар өндірушілердің, соның ішінде «Шин-Лайн» ЖШС, Dinara Group агрохолдингі, «Дәулет-Бекет» ЖШС, «ПК Алтын Таға» ЖШС, «Фирма-Бент» ЖШС, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС және басқа да ірі компаниялардың өнімдері қойылды», делінген хабарламада.

көрме толпа

Мемлекет басшысы көрмені аралап көріп:  «Қазір құрылыс саласы бойынша өңірдің алдында ауқымды міндеттер тұр. Атап айтқанда, облыс орталығының құрылысы және G4 City жобасы. Бұл жұмыста жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды. Бұл туралы мен өз Жолдауымда нақты айттым», деді.