Ауыл • 05 Қыркүйек, 2023

Бақ-талайым – Ақтоғайым!

255 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Ақтоғай ауданының құрылғанына 85 жыл толды. Бұл тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, тұтас аудан үшін қалыптасу мен өркендеудің бір белесі екені анық. Жуырда аудан мерейтойы кең көлемде аталып өтілді.

Бақ-талайым – Ақтоғайым!

– Ақтоғай ауданы – киелі Ертіс-Баян өңірінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан қа­сиет­ті мекен. Мұнда ұстаздық қыз­метт­ен майдан жолына аттанған ба­тыр Серікбай Мүткенов, «Ту­ған жерім – мәңгілік төрім» деп жыр­лаған ақын Қабдыкәрім Ыды­рысов секілді елге танымал аза­маттар дүниеге келіп, белгілі ақын, әнші Естай Беркімбайұлы мәңгілік тыныс тапты. Осындай та­лантты тұлғаларды өмірге әкел­ген ортаның жері де құнарлы. Өрісі малға толы. Мол дән жинап, жерден ырыздық терген жұрт­тың бірлігі мен ынтымағы да көпке үлгі. Ауданның жетістігі ал­дағы уақытта да еселене бер­сін, – деді салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов.

чм

Сонымен қатар ол ауданның, тұтас аймақтың өркендеуіне елеулі үлес қосқан бір топ аза­мат­қа марапаттар табыстады. Мем­лекеттік қызмет саласының ар­дагері Шаяхмет Сәдуақасов пен аудандық мәслихат төрағасы Жа­нат Тәшеновке «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырды. Сол сияқты аудан әкімі Қаршыға Арынов талай жыл ауданның дамуы үшін тер төгіп келе жатқан азаматтарды «Ау­дан алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады. Ауданмен құрдас қарияларға да сый-құрмет көрсетілді.

– Тарих үшін 85 жыл бір сәт болса, біз үшін – қарқынды даму кезеңі. Бұл уақыт аралығында талай сынақтан өтіп, көптеген жетістікке жеттік. Тұралап қалған экономикамызды өркендетіп, қираған ғимараттарды қалпына келтіріп, талай тығырықтан тай­­­салмай өттік. Бүгінде аудан көлемінде шағын және орта биз­­нес қанатын кеңге жайып, жаңа жұмыс орындары құрылып, әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Алдағы уақытқа бел­гіленген міндет-меже одан да көп. Ауданымыздың әр жылы бо­лашаққа жасалған бір қадам деп білемін, – деді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов.

Осы орайда ауданның алғашқы әкімі, облыстың құрметті азаматы Әбілхақ Түгелбаев естеліктерімен бөлісті.

ясчм

– Бүгінгі мерейтой облыстың мерекесі десем, артық айтқандық емес. Кезінде осы ауданда 16-17 ауылдық округтің барлығы бірдей шаруашылығын ширатып, кәсібін дөңгелетіп, өңірдің ілгерілеуіне зор үлес қосты. Қазіргі уақытта да оң өзгерістердің болып жатқаны қуантады. Бұл – еліміздегі игі­лікті істердің, бүгінде басшы­лықтағы азаматтардың ұйымдас­тыру жұмысының, аудан жұрт­шылығының талаптанып ат­қа­рып жатқан еңбегінің жемісі. Аудан­ның топырағынан көпке үлгі боларлық талай еңбек адамы, біртуар тұлғалар шыққан. Осындай жарқын істерге толы жердің бағындырар белесі, алар асуы әлі де алда деп ойлаймын, – деді Ә.Түгелбаев.

Мерейтой аясында аудан орталығында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қонақтарға ұлттық дәм­нің түр-түрі ұсынылды. Ау­дан тарихынан сыр шертетін, жергілікті қолөнершілердің туындылары қойылған көрмелер де ұйымдастырылды. Күрес, көкпар, аударыспақ, бәйге сынды спорттық сайыстар мерекенің көрігін қыздыра түсті. Ат жарыс­тарына тек облысымыздың емес, өзге өңірлердің шабандоздары да жиналды. Аламан бәйгеде Ертіс ауданының Әмір атты шабандозы жүйрігімен бірге топтан оқ бойы озық келді. 15 шақырымдық тоқ бәйгеде Семейдің «Айша» атты сәйгүлігі ешкімге дес бермеді. Көкпар да өте тартысты өтті. Ақ­тық сында Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылынан келген «Сайфуллах» командасы мен Ақмола облысынан келген «Бестөбе» командасы кездесіп, ақкөлдік спортшылар жеңіске жетті.

– Ақтоғай ауданының 85 жыл­­дығы аясында төл спорт­қа құрмет көрсетіліп, ұлт­тық ойын­дарымыздың ұйымдастырыл­ғанына қуаныштымыз. Шабан­доздардың ат үстіндегі шебер­лігін байқаған балалардың, жет­кіншектердің жанарынан осы спорт түрлеріне деген қызы­ғушылық байқалды. Бұл да бір жеңіс деп білемін. Ал екі күнге созылған көкпар тартысы оңай болған жоқ. Командалардың бар­лығы жақсы дайындықпен. Рухымызды көтеретін, төл спортымызды ұлықтайтын осындай тойлар көп болсын, – дейді «Сайфуллах» командасының өкілі Еркебұлан Егінбаев.

Осылайша, Ақтоғайдың 85 жыл­дық мерейтойы кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Тойға жиналған қауым жақсы көңіл күймен тарқасты.

 

Павлодар облысы,

Ақтоғай ауданы