Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Басты бағыт – инфрақұрылымды дамыту

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жыл өткеріп әлеуметтік салаға көп назар аударатын еді. Биыл экономиканың барлық саласын кешенді дамытуға мән берілгендей. Осы тұрғыдан келгенде Жолдау ерекше болды деп топшылауға болады. Тоқталайық.

Басты бағыт – инфрақұрылымды дамыту

Ең бір ескерілмей келе жатқан күрмеулі мәселелерге су, энергия тапшылығы, инфрақұрылымды дамыту сынды түйткілдер сауатты бір шешімін күтіп тұрғаны жалпыға аян. Бұдан бөлек, бюд­жеттік қатынастарды рет­теу де бар.

Су шаруашылығымен айналысатын жеке салалық министрліктің құрылуы ма­ған ерекше әсер қалдырды. Биылғы жаздағы қуаңшылық іс жүзінде көп түйткілдің бетін ашты. Біздіңше бұл жаңа құрылым ұлан даламызды сумен қамту, тұтастай алғанда суды үнемдеуге де игі ық­палын тигізеді деп ойлауға болады.

Судан кейінгі маңыз­ды­сы – жол сапасы. Жол жайлы болуы үшін стандарт қабылдануы түсінік­ті. Жол қауіпсіздігі экономи­ка­мыз­дың өркендеуіне бірден-бір фактор.

Ендігі бір ойланарлық жайт. Атом стансасын салу не салмау сауалы қазір бә­рі­міздің алдымызда кесе көлденең тұр. Семей зардабынан соң бұл біздің жүй­ке­міз­де де, жүрегімізде де қара дақ болып қалып қойған. Жа­пониядағы жарылыстарды алалық. Чернобыльдегі апат. Жойқын жарылыстар сал­дарын бұқара әлі күнге дейін тартып келеді. Бұл та­қы­рыпқа оралмақ түгілі, айтудың өзі санамызға сарсаң мен үрей ұялатады. Осындай күрделі сауалды халықтың еншісіне қалдырудың өзі ел­дің болашағына деген терең сенімнің көрінісі деп бағам­дар­лық. Атом энергетикасы Қазақстанға қажет! Бұл менің жеке пікірім. Осы арада сала­лық мамандардың даярлануы деген дүние қылаңы­та­ды. Кімнің технологиясын аламыз? Еуропаның дамыған қауіпсіз технологиясын ен­гізу­дің өмірлік мәні бар. Ре­фе­рендум – осы сұрақтың өр­кениетті жауабы.

Жергілікті басқаруды әрі қарай дамыту. Аудан және қала әкімдерінің сайлауы. Әр аймақ басшысы жа­уап­кершілікті алуы үшін қазы­налық дербестігі болуы шарт. Корпаративтік салық. Қо­сыл­ған құн салығы. Бюд­жет­ара­лық қоғалыстың қо­ла­йын жағатын амалдар мұ­ның бәрі. Түптеп келген­де қар­жы­лық саясаттың оңтай­лан­уы әр ай­мақ­тың еркін дамуына тың мүм­кіндік.

 

Серікжан БАЙБОСЫНОВ,

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

Қарағанды облысы  филиалының директоры