ФОТО: altaynews.kz
«Тағы бір маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет. Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет», деді Мемлекет басшысы.
Президент Жолдауда атап айтқан жоғарыдағы жағдай – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелерін мұқият талқылау қажет.
Осы орайда, ел Президенті жуық арада еліміздің бизнес өкілдерімен арнайы кездесу өткізетінін айтты. Бұл іс-шараның шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы кейбір түйткілді мәселелердің тез шешімін табуына тигізер пайдасы көп болады деп санаймын.
Әлия МҰҚАШЕВА,
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының бизнес-омбудсмені